Теледидардан оқылып жаткан Құранды тыңдау уәжіп пе?
Теледидардан оқылып жаткан Құранды тыңдау уәжіп пе?
8 жыл бұрын 6165

Әссәламуалейкум! Теледидардан Асыл арнада, Құран оқылып жатқанда , оны тыңдау уәжіп пе? Рақмет. Айгүл

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Фиқһ ғұламаларының айтуы бойынша, оқылған Құранды тыңдау уәжіп деуіміз үшін тірі әрі саналы адам тарапынан тікелей оқылып жатқан болуы тиіс. Мысалы, оқылған Құранның жаңғырығын тыңдау уәжіп емес.

Осыған орай, ертеректе жазылған Ханафи фиқһ кітаптарында: "сәжде аяты оқылғанда, оқыған адамның өзін емес даусының жаңғырығы естілген жағдайда «тиләуәт сәждесін» жасау шарт емес" делінген[1].

Ендеше, радиодан, теледидардан т.б. аппараттан естілген Құран саналы әрі тірі адамның тікелей оқуы боп саналмайтындықтан, тыңдау уәжіп емес, мұстахаб (ұнамды).

Алайда, Құранның аудио не видео нұсқасын қойғанда да белгілі әдепті сақтаған дұрыс. Құранды қосып қойып, ерсілі-қарсылы жырқылдап күлісіп, алаңсыз сауық-сайран құрып отыруға болмайды. Бұндай әрекеттер Құранға деген құрметсіздік болып саналады. 


[1] Шүрунбүләли: Имдат – 502 бет.

Абдусамат Қасым