Тауықты бауыздамай балтамен шапса, еті адал ма?
Тауықты бауыздамай балтамен шапса, еті адал ма?
8 жыл бұрын 11628

Әссәләмуғалейкум! Әтеш, тауық т.б. құстарды балтамен шабу қалай болады? Шабар кезде «бисмиллаһ» деп айтса бола ма? Немесе бауыздап, сою керек пе? Соятын болса, кәдімгі мал секілді соя ма? Мейрамбай

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Бауыздау мақсатында «бисмилла» айтылып (желке жағынан емес, тамақ жағынан) басы шабылған тауықтың еті адал. Бұған қатысты Әзіреті Әли «тез бауыздаудың түрі» деген. Және сахаба Имран ибн Хусайннан (р.а.) үйректің басын қылышпен шапқан кісі жайында сұрағанда ардақты сахаба: «Ол үйректің еті желінеді», - деп жауап берген[1]. Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Шағби, Имам Сәури, Имам Ахмад ибн Ханбәл т.б. ғұламалар етінің адалдығына үкім еткен[2].   


[1] Имам Сәрәхси: әл-Мәбсут.
[2] Ибн Құдама: әл-Муғни -  «7766» мәселе. 

Абдусамат Қасым