Ассаләмуғалейкум! Тасбақа адал ма, харам ба? Еділ.
Тасбақаның еті адал ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Тасбақаның етін жеу – харамға жақын мәкруһ, яғни, адал емес. Мейлі су тасбақасы болсын, мейлі құрлық тасбақасы болсын үкім осы. Имам Тахауи бұл жайында: «ويكره أكل السلحفاة» - деген. Оның мағынасы: «Тасбақаны жеу – мәкруһ (тәхриман)»[1].
Шәфиғи мәзхабында да ең дұрыс тұжырым – тасбақа етінің арам екендігі[2].
Ал, Мәлики мен Ханбали мәзхабтарында оның еті адал. Тек оны да бауыздау керек. Әсіресе, құрлық тасбақасын бауыздамай жеуге болмайды[3].
[1] Имам Тахауи: «Мұхтәсар». «Китабуль Кәроһия»; Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная» - 11 том/586 бет.
[2] Имам ән-Нәуәуи: «Раудатут Толибин».
[3] Адил Абдуль Қадир Хамида: «әл-Атъыймату Филь Ислам». 89 бет.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Сүннет намаздарында да «сәһу сәждесі» жасалу керек пе?

■
Намаз оқып тұрып жөтелсе, намаз бұзыла ма?

■
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сауал

■
Түсімде қайтыс болған қайын атамды шомылдырып жатыр екенмін, ол нені білдіреді?

■
Қажылыққа бармаған бақуатты мұсылман, әуелі басқа біреуді жібере ала ма, әлде бірінші өзі баруы керек пе?