Ассаламу алейкум! Сыртында дұғасы бар стакан сынып қалса, оны лақтыруға бола ма?
|
Сыртына дұға, аят жазылған ыдыс сынып қалса, оны қоқысқа тастауға бола ма?
|
Әлхәмдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Дұға, аяттар жазылған ыдыс сынып қалса, оны желімдеп қалпына келтіріп сувенир ретінде қойып қойса болады. Не болмаса, сыртындағы дұға, аяттарды өшіріп, одан соң құр өзін қоқысқа тастаса да қате емес. Ал дұға немесе аят жазулы заттарды қоқысқа тастап, аяқ асты қылмаған абзал.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?