«Sodium Tallowate» қоспасы бар тіс пастасын немесе сабынды қолдануға бола ма?
«Sodium Tallowate» қоспасы бар тіс пастасын немесе сабынды қолдануға бола ма?
9 жыл бұрын 6752

Әссәләмуғалейкум! «palmalive», «safegeard» сабының құрамында және colgate тіс пастасының құрамында «tallowate» деген нәрсе бар екен. Оны қолдансақ болады ма? Ерлан.

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Sodium Tallowate» қоспасы негізінен алып қарағанда не өсімдіктен алынады, не хайуаннан алынады. Хайуаннан алынған жағдайда, шошқадан алынған болу ықтималдығы басым» делінген кейбір шетелдік ислами сайттарда[1].  

Ендеше, ең дұрысы сабын, шампунь, тіс пастасы сияқты тазалық құралдарын аларда әуелі құрамына назар салғанымыз абзал. Егер, құрамында аталмыш қоспа көрсетілген болса, мүмкіндігінше алмаған дұрыс.  

Мынаны да айта кету керек:  қағида бойынша, қоспадағы доңыз майы өңдеу процесінде өзінің химиялық құрылымын түбегейлі өзгертіп жатса, осыған орай үкімі де өзгереді. Дегенмен, мамандар «сабынның құрамындағы доңыз майы өзінің химиялық структурасын толығымен жоймайды» деп отыр. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] http://www.helalhayat.com/

Абдусамат Қасым