Ассаламуғалейкум! Мен намаз оқимын әрі әмір етілгендей хижап киемін. Күйеуім де намазхан. Менің сіздерден сұрайын дегенім: қайын ата, қайын аға, қайын інілерімнің алдында да жабық жүргенім дұрыс па? Әлде тек қазақшалап орамал тарта салуға бола ма? Айша.
|
Қайын атамның алдында да хижап киюім керек пе?
|
Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті Айша, қайын атаңыздың алдында хижап кию шарт емес. Өйткені, Құран Кәрімде қайын атасының алдында шариғат шәлісін тақпай-ақ жүруге рұқсат екендігі ашық білдірілген[1]. Сондықтан да, ата-енеңіздің алдында тек қазақ келініне сай орамал байлап жүруіңіз жеткілікті.
Қайын ағаңыз бен қайын ініңізге келер болсақ, дініміз олардың көзінше хижап киіп жүруіңізді бұйырады[2].
[1] Нұр сүресі – 31 аят.
[2] Сахих муслим, Китабус Сәләм – 2172.
Өзекті сұрақтар
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?