"Рауан" есімінің мағынасы қандай?
"Рауан" есімінің мағынасы қандай?
3 жыл бұрын 18913

«Рауан» есімінің мағынасын айтып жіберсеңіздер!

Мәліметтерге қарағанда «Рауан» есімі фариси бір есім болып, мағынасы: «Рух» деген ұғымға келеді деседі. Сондай-ақ, теңіз гүлін де парсы тілінде «Рауан» дейді екен. Және де аталмыш есім парсы тілінде «шапшаң», «пайдалы», «еркін» деген ұғымдарға да келеді[1].

«Рауан» есімі араб ұлтында да кең етек алған есімдердің бірі. Бірақ, ол есім арабтарда көбінесе қыз балаларға қойылады. 

Рауан есімі аталмыш екі ұлтта: Мықты, саналы, сенімді және мейірімді тұлғаны елестетеді.

«Рауан» есімінің қазақ тіліндегі мағынасы да жоқ емес. Қазақ тілінде Рауан  - таңның жаңадан бозарып келе жатқан сәті деген сөз. «Жарық», «сәуле» деген ұғымдарға саяды. Сондай-ақ, ол сөз қазақ тілінде «кедергісіз, ашық жол» дегенді де білдірмек[2].  

Қазақ ұлтында «Рауан» есімі ер балаларға ғана тән есім ретінде қабылданады. 


[1] https://www.almaany.com/ar/dict/fa-ar/
[2] https://kitap.kz/ Әмбебап сөздік.

Абдусамат Қасым