Құмырсқа мен өрмекші түсіп кеткен асты жеуге бола ма?
Құмырсқа мен өрмекші түсіп кеткен асты жеуге бола ма?
3 ай бұрын 2799

Ассалаумағалейкум! Қалайсыз Абеке?Бір сұрақ бар. "Варенье" жапқан ғой, бірақ жақсы жабылмапты, ішінен өрмекші т.б. майда жәндіктер шыққан. Соны жей беруге бола ма, харам емес пе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құмырсқа мен өрмекшінің бойларында ағар қан жоқ, сол себепті де шариғат заңы бойынша таза, бірақ өздері жеуге жарамсыз. Бойында ағар қаны жоқ жәндіктер тамаққа, не, суға түскен болса, ол су, не, тамақ ластанбайды1. Сондықтан да, сауалдағы ас адал, ондағы шымалдар мен өрмекшілерді тазалап тастап, жей беруге болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір риуаятты келтіре кетелік:

«Салман әл-Фәрисиден (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бір кісі: «Тамақ құйылған немесе су құйылған ыдысқа бойында ағар қаны жоқ жәндік түсіп кетсе, не болады» деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Ол тамақты жеуге немесе суды ішуге яки ол сумен дәрет алуға болады» деп жауап берді» дейді ардақты сахаба (р.а.)2. 


1  Бұрһануддин ибн Мәзә: «әл-Мұхыйт Бұрһани». Тахарат бөлімі. (Араб тілінде).
2  Бұрһануддин ибн Мәзә: «әл-Мұхыйт Бұрһани». Тахарат бөлімі. (Араб тілінде).

Абдусамат Қасым