Қоянның етін жеуге бола ма?
Қоянның етін жеуге бола ма?
9 жыл бұрын 18104

Әссәләмуғалейкум! Бір сұрағым бар еді. Қоянның етін жеуге бола ма? Ол ашыққан кезде өзінің қызыл шақа көжегін жеп қояды.

Аслан Қамбаров.

Уағалейкум әссәләм! Қоянның етін «харам» деп жемейтін - шиіттер*. Ал, әһли сүннет ғалымдары қоянның етін адал санайды. Өйткені, сахабалардың да, Пайғамбардың да (с.а.у.) қоянның етін жегендіктері сахих хадистерде айтылады[1]. Имам Нәуәуи (м.1233-1278 ж.) бұл жайында былай деген:

  • «Қоянның етін жеу – Мәлік, Әбу Ханифа, Шафиғи және Ахмад бойынша адал. Жалпы ғұламалардың басым көпшілігі адал деген. Тек, (сахаба)  Абдулла ибн Амр ибн Асс пен (табиғин) Абдурахман ибн Әбу Ләйләнің (х.83 ж.ө.) мәкрүһ дегендіктері айтылады...»[2].

(*Шиіттер (араб.: شيعة‎ — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым. Бұлар (әсіресе рафизилер) «Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін халифалыққа Әзірет Әли лайық еді» деп Әбу Бәкір және Омардың халифалығын заңды деп санамаған. Бірнеше сахабаларға мұнафиқтық сипатын тағып, Айша анамызды зинақорлықпен айыптады.  Шиизм бағыты - Иран Ислам Республикасының діни ұстанымы болып табылады[3]).


[1] Сахих Бухари – Китабул һибә, бәбу қубули һәдиятис сойд. №2433
[2] Имам Нәуәуи, Сахих Мүслімнің шархы. №1953 хадис.
[3] Шиіттердің сүнниттерден айырмашылығын мына сілтемеден оқып біле аласыз (орысша): http://islam.kz/ru/questions/veroubejdenie/sunnity-i-shiity-v-chem-razlichiya-110/#gsc.tab=0 

Абдусамат Қасым