Қарыз иесі қайтыс болды, оның қарызын қалай өтеймін?
Қарыз иесі қайтыс болды, оның қарызын қалай өтеймін?
10 жыл бұрын 6330

Ассаляму алейкум! Біраз жыл бұрын студент кезімде апкемнен, яғни әкемнің қарындасынан тіс емдету мақсатында ақша алған едім. Біраз уақыт өте ол әпкем көз жұмды, иманды болсын. Енді мен сол қарызымды қалай, кімге қайтара алам? Ескерте кететін жайт: ол кісіден қалған ұрпақ жоқ...  АЛЛА сіздерге разы болсын! Айнұр Сүлеймен

Уағалейкумсалам! Қадірменді Айнұр, қарыз ақшаны әпкеңіздің атынан «сауабы тисін» деп садақа етіп бергеніңіз дұрыс. Осылайша қарызыңыздан құтылған боласыз. Сауабы марқұмға тиеді. Қайтыс болған кісінің атынан берілген садақаның сауабы тиетіндігін Пайғамбарымыз  (с.а.у.) айтып өткен.

Бір кісі Пайғамбарымызға келіп:

- Уа, Расулалла! Анам кенеттен қайтыс болды. Ешбір өсиет қалдырмады. Өлмей тұрып «садақа ет» дегенімде, садақасын берер еді. Егер оның атынан садақа берсем, сауабы тие ме? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған:

- Иә! – деп жауап береді[1].

[1] Сахих Муслим – Бәбу Усули Сәуәбис садақати  ъәнил мәит - №1004 хадис.  (Имам ән-Нәуәуи шархы)

Абдусамат Қасым