Әйелі күйеуінің шашын алуына болмайды дейді. Сол қаншалықты рас?
Әйелі күйеуінің шашын алуына болмайды дейді. Сол қаншалықты рас?
7 ай бұрын 2654

Салеметсіз бе! Исламда ері әйелінің шашын қиса бола ма?

Сәлеметсіз бе!

Кейбір ұлттарда «күйеуінің шашын алуға болмайды» дейтін ырымның бары рас. Бұл ырымға қарағанда әйелі күйеуінің шашын алған күннен бастап екеуінің қарым-қатынасына сызат түсіп, ұрыс-керіс басталады-мыс. Сонымен қатар күйеуі суыт жүріске салынып, адалдығын жояды екен. Сондай-ақ, күйеуінің табысының азаюы, қауқарының қашуы, өмірге деген құлшынысының жоғалуы деген сияқты нанымдар да аталмыш ырымнан пайда болады деп сенілетін нанымдардың қатарынан. Алайда, мұның еш негізі жоқ. Ерлі-зайыптылар бір-бірлерінің шаштарын қысқарта алады. Оның ешқандай залалы болмайды.