Өмірден шаршадым. Алладан өлім тілесем бола ма?
Өмірден шаршадым. Алладан өлім тілесем бола ма?
7 жыл бұрын 16392

Әссәләмуғалейкум! Кешірерсіздер сұрағыма. Өмірден шаршадым. Не істеуге болады? Алладан жақсы өлім сұрасам бола ма? Анон

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ғалейһиссәләм) былай деген:

لَا يَتَمَنَّيَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ الْمَوْتَ لِضُرٍّ نَزَلَ بِهِ ، فَإِنْ كَانَ لَا بُدَّ مُتَمَنِّيًا لِلْمَوْتِ فَلْيَقُلْ : اللَّهُمَّ أَحْيِنِي مَا كَانَتْ الْحَيَاةُ خَيْرًا لِي ، وَتَوَفَّنِي إِذَا كَانَتْ الْوَفَاةُ خَيْرًا لِي

«Сендердің ешқайсыларың басқа түскен қиындық себепті өлім тілемесін. Егеряки, өлім тілеу керек болып жатса былай десін: «Уа, Жаратушы Ием! Егер, маған өмір сүру қайырлы болса, маған өмір бер. Ал, өлу қайырлы болса, менің жанымды ал»[1].

Мына өткінші өмірде адам неше түрлі жағдайды басынан өткерері сөзсіз. Соған мойымай, табандылық танытып, болашақтан үміт үзбеу керек. Жаратушы Иеміз: «Әр қиындықтан кейін екі есе жеңілдік бар» деген[2].


[1] Бұхари. Мүслім.
[2] Құран Кәрім, Шарх сүресі.

Абдусамат Қасым