Өлген адамды сүюге бола ма?
Өлген адамды сүюге бола ма?
6 күн бұрын 1795

Ассаламуа'алейкум уа рохматуллаһи уа баракатуһ! Өлген адамды сүюге бола ма?

Уағалейкумуссалам уә рахматуллахи уә бәракәтуһ!

Денесі жуылып, кебінделіп болғаннан кейін мархұмды сүюге болады, әдетте халық арасында мархұмды сүйетіндер сирек кездеседі, тек соңғы рет көру үшін ол жатқан бөлмеге туыстары кіріп қоштасып жататыны бар. Десе де сүйем деушілердікі де қате емес. Оған Пайғамбарымыздың (с.а.у) ісі дәлел. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында Осман ибн Мазъун есімді сахаба қайтыс болады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) Османның өлі денесі жатқан бөлмеге кіріп, оның бетін ашып маңдайынан сүйеді де, көз жасына ерік береді. Сол жағдайды әңгімелеген Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісінің көзінен пора-пора жас ақты» дейді. (Әбу Дәуід, "Сүнән"). Ол кезде сахаба Осман ибн Мазъунның денесі жуылып, кебінделген болатын делінеді риуаяттарда.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым