Неге балықты бауыздамайды?
Неге балықты бауыздамайды?
9 жыл бұрын 9339

Әссәләмуғалейкум! Неге балықты бауыздамайды? Мәні неде?

Сейілбек Шәрипов.

Уағалейкум әссәләм, Сейілбек! Ислам діні бойынша, балық бауыздалмай-ақ желіне береді. Бұған қатысты бірнеше риуаяттар келген. Атап айтсақ, сахаба Абдулла ибн Омардан риуаят етілген хадисте Алла елшісі былай дейді:

«Сендерге екі өлексе және екі қан адал етілді.  Өлексе дегеніміз  - балық пен шегіртке. Ал, қан – бауыр мен көкбауыр»[1].

Сондай-ақ, Әзірет Әлиден жеткен мынадай сөз бар:

«Балық пен шегірткені аулау – оларды бауыздағанмен тең». Бұл сөз ол екеуін бауыздау шарт емес екендігін көрсетеді.

Ал, енді, балықты бауыздамаудағы мәнін бойындағы қанның болмауымен байланыстыруға болады.

Шекірткенің де бойында қан жоқ. Оларда қанның қызметін атқаратын «гемолимфа» делінетін сұйықтық болады.

Дегенмен, шекірткенің адалдығы қансыз болуында емес. Өйткені, қаны жоқ өзге де жеуге болмайтын жәндіктер бар. Шекірткенің адалдығы хадистермен бекітілген. "Егер, Пайғамбарымыз адалға шығармағанда, өзге жәндіктер іспетті, оның да үкімі харам болып қала беретін еді" дейді ғалымдар[2].


[1] Ибн Мәжә, Китабул Атъима.№3314.
[2] Имам Сәрәхси, Мәбсут.; әл-Кәсәни, Бадаиъ.

Абдусамат Қасым