Науқастарды зияраттап барғанда нендей мәселелерге мән берген абзал?
Науқастарды зияраттап барғанда нендей мәселелерге мән берген абзал?
27 күн бұрын 1176

Сәлеметсіздер ме! Науқастарды зиярат еткенде нендей мәселелерге мән берген дұрыс?

Науқасты зиярат ету үлкен сауап. Оны қазақша «көңілін сұрап бару», «науқастың халін білу» дейді. Науқастың көңілін сұрап бару дініміздің кеңес еткен жақсы амалдардың бірі. Ғалымдар науқастың халін сұрап барудың өзіндік әдептері мен этикасы барып айтады. Атап айтсақ:

1. Қолайлы және ыңғайлы уақытты таңдау.

2. Науқасытың қасында көп отырмау.

3. Қарауда әдеп сақтау. Яғни, ауру адамға тесіле немесе орынсыз қарамау. Өйткені, қымсынатын немесе біреудің көрмегенін қалаған нәрсесі болуы мүмкін, сол себепті көзді айналаға жүгіртпеу және науқастың тула бойына тәптіштеп қарау деген сияқты нәрселерден лаж болса сақтанған абзал.

4. Сұрақты жаудырмай, аз сұрақ қоюға тырысқан жөн. Көбіне тыңдаған жақсы.

5. Қамқорлық пен ықылас таныту. Оның жағдайына бейжай қарамайтыныңызды көрсету.

Оған шын жүректен дұға-тілекте болып тұру. «Алла емін дарытсын, шипасын берсін», «Ертерек жазылып кетуге тілектеспін» т.б. осы сияқты сөздерді айтқан жақсы. Одан бөлек, намаздарда науқас үшін Алладан шипа тілеген сауапты.

Алла Тағала сырқат жандарға өзінің шипасын берсін!

islam.kz