Нанды бір қолмен үзбеуге қатысты дін не дейді?
Нанды бір қолмен үзбеуге қатысты дін не дейді?
7 жыл бұрын 17761

«Нанды бір қолмен үзуге болмайды» дегенге хадис бар ма? Қанат.

Нанды бір қолмен үзбеу мәселесіне қатысты риуаят кездестірмедік. Бірақ, «нанды құрметтеңдер» деген Пайғамбарымыздың сахих хадисі бар[1]. Басқа бір риуаятта Алла елшісі (с.а.у.): «Нанды құрметтегенді Алла да құрметтейді» дейді[2]. Қазақ ұлтының да нанға деген құрметі ерекше. Нан қоқымын баспау, жерде жатқан нанды алып жоғарыға қою, нанның үстіне ештеме қоймау сияқты тәлім-тәрбиелер сол құрметтен туындаған дүниелер. Соның ішінде нанды бір қолмен үзбеу тыйымы да «нанға құрмет» түсінігінен бастау алады. Біздің әдет-ғұрыпта себепсіз нанды бір қолмен үзу кесірліктің, нанкөрліктің нышаны ретінде қарастырылады.  

Тоқ етерін айтқанда, аталмыш тыйымды әдет-ғұрыпқа сүйенеді десек те, түбі жоғарыда келтірілген хадистер аясына кіргізуге болатындығы анық. 


[1] Имам Бухари: әт-Тарихуль Кәбир. №966 хадис.
[2] Табаранидің хадистер жинағынан. Әлсіз хадис. 

Абдусамат Қасым