Мынадай хадис бар ма?
Мынадай хадис бар ма?
1 жыл бұрын 2325

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Сұрайын дегенім, мынадай хадис қай кітапта келтірілген: Ибн Аббас айтқан: «кімде кім «ЖазаАлла аннә Мұхаммәдән саллаллаһу алейһи уә сәлләм бима хуа аһлуһ» деген салауатты айтса, оған жетпіс періште қанша асықса да, мың күндіз, мың түн уақыт берілетін сауабын жазса да жазып үлгере алмайды» ?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Мәліметтерге қарағанда, мұндай хадис Имам Табаранидің «әл-Жәмиъ әл-Кәбир» және «әл-Жәмиъ ас-Сағир» атты хадистер жинағында келтірілген. Сахаба Абдулла ибн Аббас (радияллаһу анһ) былай дейді:

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : ( مَنْ قَالَ: جَزَى اللَّهُ عَنَّا مُحَمَّدًا بِمَا هُوَ أَهْلُهُ ، أَتْعَبَ سَبْعِينَ كَاتِبًا أَلْفَ صَبَاحٍ ) . 

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан: Кімде-кім «Жәзә-Ллаһу ъаннә Мұхаммәдән бимә һуә әһлуһ» деп айтса, жетпіс періште (қанша асықса да), мың таңта (және мың кеште) сауапты жазып үлгермейді»1

Хадис ғалымдары бұл риуаятты «әлсіз хадис» деп бағалаған. Себебі, хадисті жеткізуші риуаятшылардың тізімінде «Һәни бин әл-Мүтәуәккил» деген кісі бар, бұл кісіге қатысты әл-Һәйсәми т.б. хадисші ғалымдар: «Әлсіз рауи» деген.


1Табарани: «әл-Муъжәмуль Кәбир», №11509 хадис; Әбу Нуъайм: «әл-Хиля» т.б.

Абдусамат Қасым