Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
Мархұмның жылын өткізу үшін кредит алса бола ма, басқа амалы болмай жатыр?
3 сағат бұрын 134

Дүниеден өткен жанның жылын қарыз алып немесе кредит алып өткізуге бола ма? Басқа амалы болмай жатырса, қаражаттан қысылып. Анон.

Құрметті сауал жолдауш!

Жағдайы жоқ мұсылман мархұмның жылын өткізуге міндеттелмейді. Жылын өткізу әдеті - діни тұрғыда «мубах», яғни, ерікті амал. Ол үшін кредит алу күнә болады. Өйткені, кредит "өсімге қарыз алу" болғандықтан, дінде харам іс болып есептеледі, оған жүгінуге дініміз тыйым салған, тек аса зәру жағдайда, өмір мен өлім мәселесі болып, өзгеден қарыз ақша табылмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал жылын өткізу - «өсімге қарыз алу» күнә ісіне жүгінуге зәру себеп емес.

Сондықтан да, қиналып тұрсаңыз, жеті шелпегіңізді пісіріп, бір-екі көршіні шақырып, Құран оқытып, солай ырымын жасасаңыз да жеткілікті. Ол үшін қарызға батудың керегі жоқ.

Аллаһу аъләм! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым