Көк тасқа ақ шүберек байлау ырымы шығыпты. Шариғатта негізі бар ма?
Көк тасқа ақ шүберек байлау ырымы шығыпты. Шариғатта негізі бар ма?
10 ай бұрын 1782 Сурет интернеттен алынды, тақырыпқа қатысы жоқ.

Мәйіттің басына қойылған тасқа ақ шүберек байлау дұрыс па? Шариғатқа сайма? Шынар.

Құрметті сауал жолдаушы!

Құлпытасқа, қабірге және қабірдің қоршауына шүберек байлау – дінде жоқ «бидғат» тірлік болып есептеледі. Мұсылман дінінде мәйітті жер қойнауына тастағаннан кейін басына тас қоюға рұқсат, онда да ысырапқа бармаған жөн және кімнің мазары екендігін білу мақсатында құлпытасқа аты-жөнін жазуға рұқсат. Одан өзге, шүберек байлап қою, шырақ жағып қою деген сияқты істер артық және дінде құпталмайтын амал болып есептеледі.