Жұма күні кір жууға бола ма?
Жұма күні кір жууға бола ма?
7 жыл бұрын 44626

Ассалаумағалайкум! Сұрағым бар еді. Енем жұма күні кір жууға болмайды дейді. Неге деп сұрасам, «әруақтарды сабын суға тойдырып қоясың» дейді. Сол рас па? Жұма күні істеуге болмайтын іс әрекеттер қандай? Айгүл  

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жұма күні кір жумау ырымы кей мұсылман елдерінде де кездеседі. Мысалы, кейбір араб халықтарында жұма күнгі сәске уақыты мен жұманың екінті уақытында кір жуған үйден береке қашып, ырзық-несібесі тарылады деп сенетіндер бар ұқсайды. Сол сияқты, біздің елде де өзіңіз айтып тұрғандай, кір жууды жаман ырым ретінде есептейтіндер бар. Алайда, мұндай нанымдар - ешқандай негізі жоқ, ойдан шығарылған ырымдар болып саналады. Керісінше Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұма күні жуынып-шайынуды онымен қоса, үстідегі киімін жуып-тазалауды кеңес еткен. Сахаба Әус ибн Әустен жеткен бір хадисте Алла елшісі былай дейді:

«Кімде-кім жұма күні жуынып және (киімін тазалап) жуып, жұмаға ертерек шықса, (уағыздың не құтбаның) басына үлгеріп, жақын отырып, құлақ салып тыңдаса, оның әр басқан қадамына бір жылдық оразаның және бір жылдық тәһәжжуд намазының сауабы беріледі»[1]


[1] Имам Тирмизи: Сүнән - №496 хадис. 

Абдусамат Қасым