Ассәләмуғалайкум! Ислам бойынша суда жүретін краб деген нәрсені тамаққа жеуге бола ма?
|
Исламда су крабын жеуге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Су крабын Ханафи мәзхабы ғалымдары «тахриман мәкруһ» деп жемейді, өйткені біздің мәзхабта су хайуандарының ішінен тек қана «балық тектестері» ғана адал, қалғандары адал емес, себебі Құранда «адамның тәбеті тартпайтын жек көрінішті заттарды» харам қылған. Өзге үш мәзхаб бойынша, краб адал ас, өйткені, Алла Тағала Құранда: «Сендерге теңіз ауы және теңіз тағамы адал етілді» делінеді. («Мәида», 96 аят).
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?
Көп оқылғандар