Фотоға түсу күнә ма?
Фотоға түсу күнә ма?
9 жыл бұрын 23258

Әссәләмуғалейкум! Мен бір жігіттерден сурет салу тұрмақ фотосуретке түсудің өзі дұрыс емес дегенді естідім. Осы рас па? Фотосуретке түсуге шариғат қалай қарайды?

Уағалейкумуссәләм! Фотоаппаратпен түскен суреттің шариғатқа ешқандай терістігі жоқ - дейді қазіргі дін ғалымдары. - Өйткені, фотоаппаратпен түсірілген сурет суға немесе айнаға қарағандағы шағылысқан бейне секілді»[1].

Бұнымен қатар, ғалымдардың айтуы бойынша, Ислам дініндегі сурет салуға қатысты тыйымның астарындағы бір мәнісі «мен де Алла секілді шебермін» деген ойдан сақтандыру болып табылады. Ал, фотоаппаратпен түсірілген суреттерде мұндай түсінік жоқ[2]. 

Ендеше, фотоға түсу шариғатқа қайшы емес.

Қосымша «селфиге» қатысты білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз: http://islam.kz/kk/questions/aqida-senim/islam-selfizmge-selfige-qalai-qaraidy-524/#gsc.tab=0 

[1] Проф.Доктор У.Зухайли: Фәтәуа Муъасыра – 315 бет. Дамаск-Сирия.
[2] Доктор Ю.Қардауи: әл Халал уәль Харам – 104 бет. Кайр-Мысыр.

Абдусамат Қасым