«Ережеп айы – Алланың айы. Шағбан – менің айым...» деген хадис бар ма?
«Ережеп айы – Алланың айы. Шағбан – менің айым...» деген хадис бар ма?
5 жыл бұрын 7007

«Ережеп-Алланыкі. Шағбан – менікі. Рамазан - үмметімнің айы» деген хадис жалған ба? Айнұр.

Құрметті сауал қоюшы, сахаба Әбу Саъид әл-Худриге тиесілі етілген аталмыш риуаяттың «жалған хадистер» қатарына жататындығын белді хадисші ғұламалар өздерінің хадис кітаптарында айтып кеткен. Мысалы, 12 ғасырда өмір сүрген Ханбали ғұламасы Әбуль Фәраж Ибн әл-Жәузий өзінің «әл-Мәудуъат» (жалған хадистер) атты еңбегінде аталмыш хадисті келтіре отырып соңында былай деп баға береді:

«Бұл хадис – Алла елшісінің (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) атынан ойдан құрастырылған хадис. Риуаятшылар тізбегіндегі әл-Кәсәи деген кісі белгісіз адам. Ән-Нұқаш болса, сынға ұшыраған адам (немесе жазғырылған)» - дейді ғұлама[1].

Қорыта айтқанда: «Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, Ал Рамазан – үмбетімнің айы» деген риуаят «сахих» емес, ойдан шығарылған жалған хадис. 


[1] Ибн Жәузи Әбуль Фәраж Абдуррахман ибн Әбуль Хасан әл-Бәкри: «Китабуль Мәудуъат» - Бәбу Сауму Ражаб; Бәбу Саләтиль Рағаиб. Әнәс ибн Мәликтен риуаят етілген нұсқасына да «жалған хадис» деп баға берген.

Абдусамат Қасым