Дәретсіз Құран аятын жазуға бола ма?
Дәретсіз Құран аятын жазуға бола ма?
2 жыл бұрын 2563

Ассаламуалейкум! Сұрағым, бір «общий» дәптер алып, соған арабша аяттарды дәретсіз жазсам бола ма? Сол дәптер толып қалса, дәретпен ұстауым керек пе? Ринат.

Уағалейкумуссәәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Дәрет немесе ғұсылсыз Құран аятын жазуды Имам Мұхаммед (р.а.) мәкруһ, яғни, ұнамсыз әрекет деп есептеген. Ал Имам Әбу Юсуф (р.а.) «егер парақ жерде (немесе бір нәрсенің үстінде тұрса) дәретсіз не ғұсылсыз жазуға болады» деген, себебі қаламмен жазатындықтан, қолы аятқа тимейді[1]. Ал, бірақ Құран аяттары жазылған дәптерді дәретпен ұстаған абзал.


[1] Бәдруддин әл-Айни: «әл-Биная» - «фима юкроһу лильхаиз уәл жунуб». 1/550; Хашияту Тахтауи – Бәбу әл-Хайз, уән-нифас уәл истихаза. 144 б.

Абдусамат Қасым