Бұрын білместіктен салған "наколканы" кетіру шарт па?
Бұрын білместіктен салған "наколканы" кетіру шарт па?
1 жыл бұрын 2016

Енді сол білместікпен басылған наколканы кетірту керек бола ма? Шарт па?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Құрметті сауал жолдаушы, фиқһи ереже бойынша «нәжістен қалған дақты (мысалы, қанның дағы) кетіру қиынға соқса, оған кешірім бар». Сондықтан да, денедегі наколканы кетіру қиынға соғатындықтан, ескілікті Ханафи ғалымдары оны кетіру шарт емес деген: «Өйткені, таңбаны (наколканы) құрту тек теріні сыпыру арқылы немесе жарақаттау арқылы ғана кететіндіктен, қолында таңбасы (наколкасы) бар кісінің оны құртуы үшін сол жердің терісін сыпыруы қажет емес» делінген, және де, ондай таңбасы бар кісінің намазы да, имамдығы да есептеледі дейді ғалымдарымыз1. 

Қорыта айтқанда, денесінде жалаңаш әйелдің немесе крест сияқты өзге діннің рәмізінің бейнесі таңбаланған болса, зиянсыз кетіру жолдарына жүгініп, одан құтылуға тырысқаны абзалырақ. Ал, әбес емес, тұрпайы емес таңбаларды құртуы шарт емес, өз еркі, өйткені, оны кетіруде қиындық бар. Еске сала кетсек, Ислам дінінде денеге таңба салу (наколка, тату) қатаң тыйым салынады. Харам іс. Әлхамдулилләһи раббиль аләмин! 


1Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр», - Нәжістер тарауы.

Абдусамат Қасым