Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ
Әртүрлі тақырыпқа қатысты үш сұрақ
3 сағат бұрын 114

- Дәрет үстінен дәрет алса, су ысырап болмай ма?

Уағалейкумуссәләм! Дәрет алғаннан кейін, сол дәретпен шариғи бір амал жасалған болса немесе арадан біраз уақыт өткен болса, дәрет үстінен дәрет алуға болады, онысы ысырап болмайды. Мысалы, намаз оқыса, Құран оқыса, бір айналып келсе.

- Ұстаз, тауықтың еті халал, не, харам болып бөліне ме?

Тауықтың еті харам, не, халал болып бөлінеді. Мәселен, шариғат талаптарына сай сойылған тауықтың еті адал, ал шариғат талаптарына сай сойылмаған немесе арам өлген тауықтың еті харам. Сондай-ақ, қорегі нәжістен болып, онысы етіне шауып, еті иістеніп кетсе, ондай тауықтың да еті желінбейді.

- Ұстаз, бір бауырымыздан естіп қалдым жұмыртқаның ішіндегі сарысын мұсылман жемейді деп, сол дұрыс па? Рахмет

Тауық адал құс. Сәйкесінше одан шыққан жұмыртқа да адал болмағы заңды. Жұмыртқаның ағы да, ішіндегі сарысы да адал. Сарысы харам деген үкім кездеспеген.

Аллаһу әъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 

Абдусамат Қасым