Археология ғылымына Ислам діні қалай қарайды?
Археология ғылымына Ислам діні қалай қарайды?
4 ай бұрын 1536

Археология - әртүрлі тарихи жәдігерлерді пайдалана отырып, ежелгі адамдардың өмірі мен мәдениетін зерттейтін ғылым. Археология ғылым саласының Ислам дініне қайшылығы жоқ деуге негіз бар. Құран Кәрімде өткен үмбеттердің хал-ахуалдарынан ғибрат алуға шақырған аяттар кездеседі. Мәселенки, «Рум» сүресі, 9 аятта былай делінеді:

أَوَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَيَنظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوا أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً وَأَثَارُوا الْأَرْضَ وَعَمَرُوهَا أَكْثَرَ مِمَّا عَمَرُوهَا وَجَاءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِالْبَيِّنَات فَمَا كَانَ اللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَٰكِن كَانُوا أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ

«Олар жер бетін кезіп, олардан бұрын өмір сүргендердің соңының не болғанын көрмей ме!? Негізінде алдыңғылар бұлардан (Мекке мүшріктерінен) қуат жөнінен күштірек еді. Олар (бұрынғы үмбет) жерді өңдеп, онда (жерде) олардан көбірек өмір кешті. Оларға ашық дәлелдермен елшілер де келген еді. Алла Тағала оларға қиянат қылмады, бірақ олар өз-өздеріне қиянат жасады»1.

Осы аятқа қарағанда, біздің заманымызға дейінгі кезеңдерде өмір кешкен халықтың өмір салтын, мәдениетін және олардың тарих сахнасынан жойылып кету себептерін зерделеудің қажеттілігін ұғынамыз. Сөзсіз бұл қажеттіліктің орнын толтыратын бірден-бір ғылым саласы, ол «археология» ғылымы. Сондықтан, археология ғылымын қоғамға қажетті ғылым саласы ретінде дініміз құптайды.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Құран Кәрім, «Рум» сүресі, 9 аят.

Абдусамат Қасым