Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге де жазылып жатыр ма?
Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге де жазылып жатыр ма?
9 жыл бұрын 6971

Әссәләмуалейкум! Менің сұрағым әлеуметтік желі туралы.  Осы әлеуметтік желі де (Вконтакт, твиттер т.б.) жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге жазылып жатыр ма? Нақтырақ хадистермен жауап беріңіздерші! Рахмет.

 Даурен Мақсұтхан

Уағалейкум ассалам, Дәурен!

Құранда: «كِرَامًا كَاتِبِينَ يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَСендердің не істеп отырғандарыңды құрметті жазушы періштелер біледі», - делінген[1].

Әлеуметтік желіде отырған адам әйтеуір бір нәрсе істейтіні анық. Біріміз жаңалық оқып отырсақ, келесіміз жолдастарымыздың бөліскендерін қызықтаймыз. Үшіншіміз, таныстарымен шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құрамыз. Бұның бәрі сол сәттерде істеліп жатқан іс-әрекеттер.

Тағы бір аятта былай дейді:

« مَّا يَلْفِظُ مِن قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ- Аузынан бір сөз шығарса болды, алдында аңдушы (періште) дайын»[2].

Әлеуметтік желіде жазғандарымыз - ауызбен айтқымыз келген сөздер екені мәлім. Демек, жазбаша түрде болса-дағы, айтқан сөздеріміздің бірі де қалмай амал дәптерге түсері анық.  

Пайғамбарымыз айтады: Жазушы періштелер тек үш жағдайда ғана, адамнан ажырайды: жүніп болған кезде, әжетханада және жуынып жатқанда. Қалған уақыттың бәрінде бізбен бірге.

Ендеше, әлеуметтік желіде де әрбір жазған сөзімізге мұқият болуымыз шарт, ағайын. Өйткені, ондағы жазғандарымыз амал дәптерімізге де жазылуда.

Әл-хамдулиллахи раббил аләмин.


[1] Инфитар сүресі, 9-10 аяттар.
[2] Қаф сүресі, 17-18 аяттар.

Абдусамат Қасым