Адамды құрдымға жетелейтін нәрселерге не жатады?
Адамды құрдымға жетелейтін нәрселерге не жатады?
10 жыл бұрын 7695

Әссәламуғалейкум! Адамды құрдымға апаратын бес нәрсеге не жатады? 

Бекжан. 

Уағалейкум әссәләм! Адамды құрдымға жетелейтін нәрселерді бесеумен шектеуге болмайды. Құран Кәрім мен Пайғамбар (с.а.у.) хадистерінде «ауыр» деп танылған күнәлардың барлығы адамды құрдымға апаратын нәрселер. Мысалы: «Аллаға серік қосу» немесе «құдайды танымау», «зина жасау», «ұрлық жасау», «құмар ойындары», «ішімдікке салыну», «адамды текке өлтіру», «өсім жеу» және «жегізу», «ата-анаға жапа шектіру», «нәпсіге құл болу», «тәкәппарлық», «суайыттық», «әділетсіздік жасау» т.б. шариғатта дүниелік немесе ақыреттік жазасы нақты айтылған күнәларды атап өтуге болады.

Дүниелік жазасы дегенімізге мысал келтірер болсақ, ұрлық жасаған кісіге шариғатта қол кесу жазасы реттелсе, зинаға барған мұсылманға дүре соғылады немесе тасборан етіледі т.б.

Ескерте кету керек, шариғатта жаза тек арнайы соттың (қазы) шешімімен жүзеге асады. Сотсыз жазалауға (самосуд) жол жоқ.  

Жоғарыда атап өткен ауыр күнәлардың қай-қайсысы болмасын адамды құрдымға жетелеп, екі дүниеде де опық жегізері сөзсіз. Алла баршамызды тура жолға бастасын! 

Абдусамат Қасым