Зират басына малдың бас сүйегін қоюға бола ма?
Зират басына малдың бас сүйегін қоюға бола ма?
1 ай бұрын 1822

Ассаләмуғалейкум! Зират басына малдың бас сүйегін қоюға бола ма? Бауыржан.

Бисмилләһ, уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Зират басына малдың бас сүйегін қою ырымы Исламнан алдынғы кезеңдерде кейбір түркі тайпаларында кездесетін. Әсіресе жабайы ашатұяқтыларды қасиет тұтып, оларды мархұмның рухын о дүниеге өткізгіш құрал ретінде есептейтін болған, ал мүйіздерін жын, перілерден қорғайды деп сенген. Қазірдің өзінде еліміздегі кей ауылды жерлерде ішін-ара кездесетін арқардың мүйіздерін үйдің есігінің үстіне қағып қою ырымы содан қалған болса керек. Бүгінде Түрікмен елінде өмір сүретін «Нохурлы» тайпасының халқы "қайтыс болған адамның рухы тосқауылсыз пейішке өтсін" деген ниетпен қабірінің басына архардың мүйізін іліп қою ырымын ұстанады.

Шариғи тұрғыда дұрыс па? 

Әрине, мұның шариғи бір негізі жоқ. Аңыз бен жалған нанымнан туындаған ырым болғаннан басқа ештеңе емес. Мұсылман дінінде зират басына малдың бас сүйегін қою әдеті жоқ және олай істеу дінге теріс саналатын «бидғат» амал болып есептеледі. Мұсылмандық жерлеу қағидатына басымдылық беретін қазақ халқында да зират басына өлген малдың басының қаңқасын қою әдеті кездеспейді.

Ең дұрысы Аллаға мәлім! Уә ахиру даъуәнә әниль хамду лилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым, Исламтанушы


(Нохурлы тайпасының мазары. Фото: fergana.info. kulturologia ru)