Әсссаляму алейкум! Әйел адам жеке өзі калғанда намазды дауыс шығарып оқыса бола ма?
|
Әйел адам өзі жалғыз кезде намазды дауыстап оқи ала ма?
|
Бисмилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Әйел адамның даусы «ғаурат» емес. «Ханафи мәзхабінің негізгі қағидатына ең лайықтысы - осы пікір» делінген Ханафи фиқһ кітаптарында1. Сондықтан да, бөтен ер адам жоқ кезде әйел кісілер дауыстап оқылатын намазды дауыстап оқи алады. Риуаттарға қарағанда Әзіреті Айша анамыз «Ақшам» намазында әйел кісілерге имам болып, дауыстап оқығандығы айтылған2. Егер ол нәрсе намазды бұзатын болғанда, Айша анамыз дауыстап оқымас еді.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1 Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». Ситр ғаурат тарауы.
2 Бәдруддин әл-Айни: «әл-Бинәя». Әйелдің имам болу тарауы.
Өзекті сұрақтар
■
Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?