Ұйқыда бастырылып қаламын, себебі неде?
Ұйқыда бастырылып қаламын, себебі неде?
10 жыл бұрын 81469

Ассаламуғалейкум! Менің басымнан кешкен оқиға. Ұйықтап жатқан кезімде, қиналып бастырылып жатамын. Бірақ барін біліп жатамын. Осы қара басу неден болады? Неге болады? Алдын алу әрекеттері қандай? Болған кезде не істеу керек?  

Уағалейкумсалам! Кейде адам ұйқы мен ояу арасында бастырылып, қимылдауға шамасы келмей, бейне бір күш тырп еткізбей байлап тастағандай күй кешеді. Мұны қазақ тілінде «қара басу» десе, түрік тілінде «karabasan», арап тілінде «кабус  (كابوس)» немесе «жәсум (جَاثُومٌ)» деп атайды[1].  

Қара басу жайында нақты шариғи мәлімет кездестірмедік. Кейбір болжамдарға қарасақ, қара басуды – жын басу деп түсіндірген. Әсіресе, денесінде электрмагниті көп кездесетін кісілерде жиі болатын құбылыс.  Өйткені жын көбіне электрмагниті көп адамдарға жақын жүреді деседі.   

Ал медицина мұны «ұйқы кезіндегі сал» деп атайды. Адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесі әлі ұйқы кезеңінде. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді[2].  

Қандай болғанда да, бұл құбылыстан сізге келер ешбір зиян жоқ. Тек жатар алдында дәретпен жатуды әдетке айналдырыңыз. Сосын ұйқыға кетпес бұрын аятул курсиді және фалақ пен нас сүрелерін оқуды ұмытпаңыз. Алдымен оң жағыңызбен жатыңыз.

[1] http://www.almaany.com/كابوس
[2] http://szh.kz/

Абдусамат Қасым