Түсінде қайтыс болған кісі киім берсе, ол нені білдіреді?
Түсінде қайтыс болған кісі киім берсе, ол нені білдіреді?
6 ай бұрын 11046

Түсінде қайтқан адам жемпір мен шалбар берсе, ол ненің белгісі?

Мұсылманша түс жору кітаптарына қарасақ, сауалға қатысты мынадай мәліметтерді кезіктіруге болады:

1. Түсінде өлген кісінің дүниелік жақсы бір зат бергенін көрсе, ол күтпеген жерден жақсылыққа кенеледі.

2. Түсінде мархұмның жаңа көйлек немесе таза көйлек бергенін көрсе, оның тұрмысы мархұмның тұрмысындай баянды болады.

3. Түсінде мархұмның жаулық бергенін көрсе, оған мархұмның беделін береді.

4. Түсінде мархұмның оған ескі киім бергенін көрсе, тұрмысы тарығады.

5. Мархұмның кір киім бергенін көрсе, арсыздыққа барады.

6. Мархұмның тамақ бергенін көрсе, күтпеген жерден адал, таза ризыққа қол жеткізеді.

7. Түсінде мархұмның бал бергенін көрсе, күтпеген жерден олжалы болады.

8. Түсінде мархұмға киіс беріп, бірақ ашпаса және кигізбесе, дүниесіне залал келеріне немесе сырқаттанатынына ишара, бірақ ол сырқаттан тез айығатындығын білдіреді1.


1  Ибн Сирин, «Тәфсируль Әхләм».