Сапар айында үйленуге болмайды дейді. Сол рас па?
Сапар айында үйленуге болмайды дейді. Сол рас па?
6 жыл бұрын 13223

Сапар айында сапарға шығуға және үйленуге бола ма?

Сапар айында үйленудің ешқандай ағаттығы жоқ. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадиша анамызбен осы «сапар» айында үйленген. Сондай-ақ, сүйікті қызы Фатима анамызды да Әзіреті Әлиге осы сапар айында ұзатқандығы тарих кітаптарында айтылады.

Және де, Пайғамбарымыздың Мекке қаласынан Медине қаласына хижрет етуі де осы сапар айында жүзеге асқандығын ескерсек, бұл айда жолға шығудың да ешқандай әбестігі жоқ екендігін анық айта аламыз. Бұлардың бәрі негізсіз ырымдар.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «..Сафар айында сәтсіздікке ұшырау деген нәрсе жоқ. Бұлардың бәрі надандық дәуірдің ырымдары»[1], - дейді.


[1] Сахих Бұхари. "Тыб". 

Абдусамат Қасым