«Салатун Нария» дұғасы қандай дұға?
«Салатун Нария» дұғасы қандай дұға?
6 жыл бұрын 113907

Ассаляму алейкум, аға!  "Салават ан нарият" (4444) дұғасының қазақша баламасы бар ма? Жəне сол туралы айтып берсеңіз! Рахмет. Райгүл Нұрмұхамедқызы.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Ас-Салату ән-Нария» деген салауат түрі хадистерде айтылмаған. Мәліметке сүйенсек, тарихта өткен үлкен әулие кісілердің біріне Алла тағала "илһәм" етіп, жүрегіне салуы арқылы білдірілгенге ұқсайды. Әсіресе, бұл дұға сопылық жолындағы мұсылман қауымы арасында мәшһур. Басқаша атауы: «ас-Салату әт-Тәфрижия».

Хадисте келмегендіктен дін мамандарының бір сыпырасы аталмыш дұғаны оқуды құптамайды

Десе де, дұғаның мазмұнына қарап оны оқып жүрудің еш ағаттығы жоқ дейтін дін ғалымдары да баршылық. 

Енді дұғаның атауына келер болсық, «ән-Нария» термині арабшадағы «нар» сөзінен шығып, мағынасы: «жалынды» дегенді білдіреді. Сонда дұғаның қазақша атауы «жалынды салауат» болмақ. Бұлай аталуының себебі, құрғақ шөпке тиген от лезде жалындап кететіні секілді, аталмыш салауатты да әлдебір ісінің жүзеге асуы үшін оқыған болса, бірден тілегені орындалады екен. Сол себепті «Жалынды салауат» деп аталған.

Дұғаның оқылу тәртібі бойынша, екі талабы бар. Біріншісі, қандайда бір қажеттілігі үшін оқитын кісі «Салатун нәрия» дұғасының арабша нұсқасын оқуы керек. Екіншісі, не тілеген болса, сол тілегі үшін 4444 мәрте оқуы ләзім. Мұнша рет бір отырыста оқу шарт емес.  

Салатун нария дұғасы төмендегідей:

Арабша нұсқасы:  

اللَّهُمَّ صَلِّ صَلاَةً كَامِلَةً وَسَلِّمْ سَلاَماً تَامًّا عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ تَنْحَلُّ بِهِ الْعُقَدُ وَتَنْفَرِجُ بِهِ الْكُرَبُ وَتُقْضَى بِهِ الْحَوَائِجُ وَتُنَالُ بِهِ الرَّغَائِبُ وَحُسْنُ الْخَوَاتِمِ وَيُسْتَسْقَى الْغَمَامُ بِوَجْهِهِ الْكَرِيمِ وَعَلى آلِهِ وَصَحْبِهِ فِي كُلِّ لَمْحَةٍ وَنَفَسٍ بِعَدَدِ كُلِّ مَعْلُومٍ لَكَ  

Қазақша транскрипциясы:

«Аллаһуммә салли саләтән кәмиләтән, уә сәллим сәләмән тәммән аля сәиидинә Мухаммәдин, тәнхәллу биһил Ғуқад. Уә тәнфәрижу биһиль күрабу. Уә Тұқдо биһиль Хауә’ижу. Уә түнәәлу биһир Рағаа’ибу уә хуснуль хәуәтим. Уә юстәсқо әл-Ғомәму би уәжһиһиль Кәрим. Уә аля әәлиһий уәсахбиһий фий кулли ләмхатин уә нәфсин би ғадәди Кулли мәғлумин Ләк».

Абдусамат Қасым