Қайтыс болған үйде қырық күнге дейін жарық жанып тұру керек деген бар ма?
Қайтыс болған үйде қырық күнге дейін жарық жанып тұру керек деген бар ма?
10 ай бұрын 9675

Ассаламуғалейкум! Менің сұрағым қайтыс болған үйде қырық күнге дейін жарық өшіруге болмай ма?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қайтыс болған адамның үйінде немесе мәйіт жатқан бөлмеде қырық күнге дейін жарық жанып тұру керек деген сенімді ескі христиан сенімінен кездестіруге болады. Ескі православ сенімі бойынша өлген адамның рухы қырық күн бойы тірілердің қасында жүреді-мыс. Осы қырық күн ішінде қайтыс болған адамның бөлмесінде лампада (христиан мінәжатында қолданылатын шырағдан) жағып, о дүниеліктің күнәсі үшін жарылқау тілейді екен.

Еврейлердің дінінде де шырақ жағып қою үрдісі бар. Иудей дінінде адамның рухы – жарықтың рухани формасы болып табылады. «Адамның рухы – құдайдың шырағы» дейді олар. Сондықтан, бұл діндегілер бойынша, өлген адамның рухы денесін тастап кеткенімен, рухы туыстары жоқтап отырған үйіне келеді-мыс (шив-а). Сол себепті, иудей дінінде өлген адамның рухын қуанту үшін бір жеті бойы «еске алу шырағын» жағып қою үрдісі бар екен.

Алайда біздің мұсылман дінінде «мархұмның үйінде, не, бөлмесінде жарық жағып қою» деген наным кездеспеген және мұндай жоралғы дінімізде қарастырылмаған. Мұсылман сенімі бойынша, адам өлгеннен кейін рухы «барзах» әлеміне аттанады, оны қабір әлемі деп те атайды. Барзах әлемінде мүмін-мұсылмандардың рухтары нығметте болады, ал күнәһарлар мен кәпірлердің рухы азапта болады. Мұсылмандар мархұмға Құран бағыштап, оған жарылқау тілейді.

Абдусамат Қасым