Қабірде азап шегіп жатқандарды жан-жануарлар ести ме?
Қабірде азап шегіп жатқандарды жан-жануарлар ести ме?
10 ай бұрын 6367

Ассаламуалейкум! Осы қабір азабын жан-жануарлар естіді деген деген хадис бар ма? Кейде жылқыларды ауырып тұрса, дәреттерін жіберіп қояды. Қабірдегі дауыстан дейді. Осы сөз қаншалықты рас? Ринат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жануарлар қабірдегілерді естиді. Оған байланысты бірнеше нақты хадистер бар. Мәселен, Табаранидің хадистер жинағында келтірілген риуаятта, Алла елшісінің (с.а.у.) былай дегендігі айтылған:

«"استعيذوا بالله من عذاب القبر، إنهم يعذبون في قبورهم عذاباً تسمعه البهائم" وصححه الألباني

«Қабір азабынан Аллаға сыйыныңдар! Шынында қабірдегілер қабірлерінде азапталады, оны жануарлар естиді»[1].

Тағы бір хадисте былай делінеді:

"إن الموتى ليعذبون في قبورهم، حتى إن البهائم لتسمع أصواتهم"

«Шынында өлген адамдар қабірлерінде азап шегеді, тіпті дауыстарын жан-жануарлар естиді»[2].

Ендеше, жындар мен адамдардан өзге жан-жануарлар қабірдегі азап шегушілердің дауыстарын естиді екен. Ал адамдар мен жындар естімейді. Осы тұрғыда айта кету керек: мархұмның бәрі қабірде азапталмайды, күнәдан барынша ұзақ жүрген мүмін-мұсылмандар қабірлерінде азап шекпейді, олардың қабірлері кең болып, нығметте күн кешіреді.

Алла Тағала барша мұсылмандарды қабір азабынан сақтасын! Уа ахиру даъуәнә әнильхамду лилләһи Раббиль аләмин! 

Абдусамат Қасым


[1] Имам Ахмед: «Мүснәд»; Имам Табарани. Сахих Хадис.
[2] Имам Табарани, сахаба Абдулла ибн Мәсъудтан жеткен. Сахих хадис.