Пірге қол беру шарт па?
Пірге қол беру шарт па?
9 жыл бұрын 16833

 - Мұсылман адамның қандай да бір пірге қол беруі шарт па? 

(*Пір сөзі - парсы тілінен еңген. Тілдік мағынасы «қария», «жасы егде тартқан адам» деген мағыналарға саяды. Көбіне пір деп сопылық ілімінде рухани ұстазды айтады. Арапша - «шейх». Ал, пірге қол беру дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда: рухани ұстазының шәкірті болу, шариғатқа теріс келмейтін нәрселерде айтқанынан шықпау деген ұғымды білдіреді. ауд.).

- Исләми тәрбие мен әдепті бойына сіңірген мұсылманның қандай да бір пірге (шейхқа) қол беруі шарт емес. Қайта Аллаға деген құлшылығын дұрыс орындауы үшін дін үкімдерін үйрететін ұстазға мұқтаж. Ол үшін ғалымдар мен фиқһ мамандарының ғылым мәжілістеріне жиі қатысып тұруы керек. Ғалымдардан тәлім алып, діни мәселелер төңірегінде оларға сұрақтар қойып, бойындағы ілімсіздіктің орнын толтыра алады.

Дегенмен, ғапылдыққа түссе ескертсін, білмегенін үйретсін, адасып бара жатқанда тура жолға бастасын деген мақсатта пірге шәкірт болғысы келген мұсылманның өзіне пір тұтқан адамында мынадай ерекшеліктер болуы ләзім:

  1. Дін ғұламасы болуы керек (немесе дін мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, ізденіп жүретін шәкірт (мүтәғаллим) болуы тиіс)    
  2. Білген нәрсесіне амал етуші болуы керек
  3. Пайғамбарымыздың әдебімен әдептенген болуы ләзім (басқаша айтқанда, Пайғамбарымыздың үйреткен әдебінен бір елі ауытқымауы керек)
  4.  Аралас-құралас және мәжілістес болып жүрген адамдары кілең салиқалы, тақуа жандар болуы шарт[1]

Доктор Абдулмәлик ибн Абдурахман әс-Саъди
«әл-Бидға» атты еңбегінен алынды.
Қазақшаға аударып, дайындаған А.Қасым


[1] Жалпы сопылық жайында толық мәліметті мына сілтемеден оқып біле аласыз: Қ.Жолдыбайұлы, Исламдағы сопылық және оның негіздері - http://www.islam.kz/kk/articles/kokeikesti/islamdagy-sopylyq-jane-onyn-negizderi-1270/#gsc.tab=0