Миғраж түні Пайғамбарымызға (с.а.у.) сүйіншіленген үш нәрсе
Миғраж түні Пайғамбарымызға (с.а.у.) сүйіншіленген үш нәрсе
8 күн бұрын 1204

Ассаламуғалейкум! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Миғражға көтөрілгенде шүйіншіленген үш сыйды айтыңызшы? Мәлкей.

Бисмилләһир рахманир рахим, әлхамдулилләһ, уассаләту уәссәләму аля расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Миғраж түні берілген үш сый келесідегідей:

  • Бес уақыт намаз. Елу уақыт намаз болған еді, алайда Алла Тағала оны бес уақытқа қысқартып, елу намаздың сауабына тең қылды.
  • «Бақара» сүресінің ақырғы екі аяты берілді. (285, 286 аят).
  • Серік қоспаған пенденің үлкен күнәлары кешіріледі. (Тәубе етпей өлген мүмін үлкен күнәлары үшін жазаланады, бірақ соңында кешіріліп, тозақтан шығарылады).

Бұған қатысты сахаба Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.) былай әңгімелейді:

«Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) исра түні миғражға көтерілгенде, «сидрәтуль мүнтаһа»ға дейін жетті. Ол - алтыншы көкте. Онда жерден жоғары көтерілгендер сол жерде тоқтайды және төбеден түскен нәрселер сол жерде тоқтайды, сол жерден алынады» дейді де сахаба сөзін жалғап: «сол кезде «сидраны» ораған нәрсе ораған еді» (деген аятты оқып, оны:) «алтыннан көрпе» деп түсіндірді (сахаба). (Сосын әңгімесін жалғастырып былай деді) Үш нәрсе берілді: бес уақыт намаз, Бақара сүресінің соңғы аяттары және Мұхаммед пайғамбардың үмбетінің ішінен Аллаға серік қоспай өткен пендесінің ауыр күнәлары кешірілетіндігі»1.


1Нәсәи, «Сүнәту Кубра», Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».

Абдусамат Қасым