Көзге теріскен шыққанда қолға жіп байлайды, сол дұрыс па?
Көзге теріскен шыққанда қолға жіп байлайды, сол дұрыс па?
9 жыл бұрын 23348

Көзге теріскен шыққанда, оны ала жіппен кетіру деген әдет бар. Сол шындыққа жанаса ма? Нұрбол

Құрметті Нұрбол, Пайғамбарымыздың заманында саусағына жіп байлау әдеті болған. Оны «ратимә – رتيمة» дейді. Ратиманы арабтар екі түрлі мақсатта байлайтын:

  • Біріншісі - қандай да бір қажетті нәрсені еске салып тұрсын деген мақсатта 
  • Екіншісі – болуы ықтимал жамандықтың алдын алу мақсатында, тұмар сияқты байлау

Біріншісіне - рұқсат[1]. Өйткені, Пайғамбарымыздың өзі кей сахабаға есіне салып тұруы үшін саусағына жіп байлауды айтқандығы риуаяттарда бар[2]

Екіншісіне Ханафи ғалымдары «харам» деген[3].

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарай отырып айтарымыз: көзге шыққан теріскенді қолға жіп байлау арқылы емес, арнайы медициналық май болса, соны жағу арқылы кетіруге талпынған жақсы. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!  


[1] Хидая – Китабул Караһия:  «әт-тахаттум биззәһәб аляр рижәл».
[2] Насбур риуая – 6/124-125 беттер
[3] Ибн Нүжейм: Бахрур раиқ; Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар - 9/523 бет.

 

Абдусамат Қасым