Бейіт басындағы шөптерді жұлуға бола ма?
Бейіт басындағы шөптерді жұлуға бола ма?
5 жыл бұрын 13566

Сұрақ 1: Ас саляму алейкум! Сурак: Бейіт басындағы шөпті, тазалау мақсатында жұлуға бола ма? Нұрлыбек Сабырғалиев.

Сұрақ2: Ассалаумағалейкум! Зиратта шөптер өсіп кетсе, жұлуға бола ма, яғни мәйіт көмілген жердің үстіндегі шөптерді? نورليبك

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Бейіт басындағы, дәлірек айтқанда, қабірдің үстіндегі қураған шөптерді жұлуға болады, ал ондағы өсіп тұрған жасыл шөптерді жұлуға болмайды. Өйткені, өсіп тұрған өсімдік қабірде жатқан мархұм үшін тәспих айтып тұрады делінген.

Бұған байланысты Ханафи фәтуа кітаптарында былай делінеді:

«Қабірдің үстіне өскен тікенек немесе шөп, егер қурамаған болса, оны жұлу – мәкруһ (ұнамсыз әрекет). Ал, қураған болса, жұлудың ағаттығы жоқ»[1].


[1] Әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 2/131 бет.

Абдусамат Қасым