Ассаләмуғалейкум! «ҚаддасаЛлаху сирраһу» деген не мағына? «Сыр» дегенді не деп түсінуге болады?
Әулиелерге «қаддәсаллаһу сирраһу» деп жатады. Оның мағынасы не?
|
Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Исламның сопылық мектебінде өмірден өткен әулие кісілерге, мұсылман жұртшылығына рухани ұстаз болған тақуа жанның есімі аталғанда «қаддәсаллаһу сирраһу» деу үрдісі бар. Оның қазақшаға аударғандағы астарлы мағынасы: «Рухы шадыман болсын» дегендік. Ал тікелей мағынасын талдасақ келесідегідей:
- Қаддәсә Аллаһу -«Алла таза қылсын», «Алла дәріптесін» деген мағыналарда. Қаддәсә етістігі - тазалау, дәріптеу, қасиетті қылу, құтты қылу деген мағыналарды білдіреді.
- Сирруһу - құпия жөнін, яғни, бізге беймәлім болған ішкі жан дүниесін деген мағыналарға саяды. Құпия - бұл жерде «рух» деген ұғымда. Алла Тағала оның ішкі жан дүниесін де сыртқы бейнесі секілді таза, қасиетті қылсын, дәрежесін көтерсін дегенді білдірмек.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?