«Әкең сені аспаннан көріп тұр» деп айтуға бола ма?
«Әкең сені аспаннан көріп тұр» деп айтуға бола ма?
4 жыл бұрын 11557

Қайтыс болған әкесін «Әкең сені аспаннан көріп тұр» деп айтуға бола ма?

Құрметті сауал жолдаушы, адам қайтыс болғаннан кейін оның рухы «барзах» деп аталатын әлемде болады. Ол әлемде кәпір және залымдар, сондай-ақ, кейбір күнәхар мұсылмандардың рухтары қабірлерінде азапталатындығы білдірілген. Ал, тәубекар, күнәдан ұзақ жүретін, ізгі сүйер мүмин-мұсылмандардың рухтары «барзах» әлемінде кеңшілікте, әрі еркіндікте болатындығы хадистерде айтылады.  

Ал, енді, «қайтқан мархұм аспаннан қарап тұрады» деген түсінік көбіне батыс фильмдері арқылы біздің санамызға енген нәрсе. Исламның сенім-негізінде мархұмның рухы көктен қарап тұрады деген түсінік жоқ. 

Тіпті, кейбір Ханафи ғалымдары қабірдегі рухтардың тірі адамдарды естимейтіндігін де пайымдаған. Бірақ, мұсылманның рухына бағышталған Құран мен оның атынан істелген ізгі істердің сауабы Алланың қалауымен жеткерілетіндігінде ешкім күмән келтірмеген. 

Қорыта айтқанда, мархұмның жақындарын жұбататын кезде әлгіндей айтқаннан гөрі, Алланың қалауы осы, сабыр сақтап, бекем бол, берген жанды, кері алатын да Алла. Сондықтан да, пенденің міндеті сабыр сақтап, жазмыштың ісіне көну, деген сияқты жұбату сөздерін айтып, көңілін аулаға тырысқаны жақсы. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым