Адыраспанмен аластауға бола ма?
Адыраспанмен аластауға бола ма?
11 жыл бұрын 38897

Ассалаумағалейкум! Кейбір адамдар өздерінің тұрып жатқан үйлерін, пәтерлерін тіл-көзден, жын-шайтаннан тазартамыз деп, адыраспан тұтатып, аластап жатады. Сол дұрыс па? Шынар.

Уағалейкумуссалам! Шынар ханым, рас, қазақта ондай аластау бар[1]. Әр түрлі емдік мақсатта және сіз айтқандай жын-шайтанды аластау үшін де түтіндетіп жатады[2].

Жалпы, адыраспанды түрлі микроптарды аластау үшін дизенфекция ретінде қолдануға болады.  Оның жын-шайтанды аластайтыны немесе оның исінен жын-жыбырдың қашатындығы жайлы нақты шариғи дәлел жоқ. Ал ондай ерекшелігін тәжірибеге сүйеніп анықтау бөлек зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, үйді жын-шайтаннан тазарту керек болса, Құран сүрелерін оқыған дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Бақара сүресі оқылған үйден шайтан қашады», ­– дейді. Тағы бір хадисте: «Үйлеріңді мазарға айналдырмаңдар (намаз, Құран оқып, Алланы еске алып отырыңдар)!  Шынында, Бақара сүресі оқылған үйге шайтан жоламайды» [3], – делінген.

[1] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
[2] http://kk.wikipedia.org/wiki/ Адыраспан
[3] Тирмизи, Фазаилуль Құран, 2877 хадис.

Абдусамат Қасым