Теледидардағы ер кісілерге қараудың үкімі қалай? Бөтен еркекке қарама делінген емес пе?
Теледидардағы ер кісілерге қараудың үкімі қалай? Бөтен еркекке қарама делінген емес пе?
9 жыл бұрын 8679

Әссәләмуғалейкум уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ! Сізге сұрақ қойсам бола ма екен? Құран Кәрімде бөтен ер кісілерге қарамай, жанарыңды төмен түсір деп  Алла Тағаламыз бұйырады. Енді сұрайын дегенім, теледидар қараудың үкімі қалай? Жаңалық айтатын журналистердің жартысы ер адам. Діни фильмдегі кейіпкерлер де ер кісілер. Соларға қараудың үкімі қалай болмақ? Алла Тағаламыз разы болғай сіздерге. Сандуғаш Жамаш.

 

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Құрметті Сандуғаш, сіз айтып отырған аят "Нұр" сүресінде келтірілген. Онда: «Ей, Мұхаммед! Мүміндерге айт: бөгде әйелдерге көз тікпесін... Мүмін әйелдерге де айт: жат еркектерге көз тікпесін...» [1], - делінеді.

Аталмыш аяттың үкімі - бөтен оймен қарауға қатысты болса керек. Сондықтан да, бөтен ойы жоқ әйел кісіге өзіңіз айтып отырғандай теледидардағы (әдептілік шеңберінен шықпаған) ер адамдарға қараудың күнәсі жоқ. Бұған дәлел келтірер болсақ, "Сахих Бухари" атты хадистер жинағында Айша анамыздан мынадай хадис келтіріледі: 

«Хабаштық ер кісілер мешітте қаруларымен өнер көрсетіп жатты. Пайғамбарымыз мені шапанымен жауып тұрған күйі, олардың (өнерлеріне) жалыққанымша қарадым (қызықтадым), - делінген.

[1] Нұр сүресі, 30-31 аяттар.
[2] Сахих Бухари, Китабун Никах - باب نظر المرأة إلى الحبش ونحوهم من غير ريبة) 4938)  

Абдусамат Қасым