Қыздарға тырнақ өсіруге бола ма?
Қыздарға тырнақ өсіруге бола ма?
11 жыл бұрын 14889

Сәлеметсіздер ме? Сіздердің сайттарыңыздан «макияж» жайында оқыған едім. Оқып жатып, «осы Исламда қыздарға тырнақ өсіруге бола ме екен?» деген ой келді. Ол да ерінің алдында әдемі көрінуге жатпай ма? Бану.

 

Сәлеметсіз бе, Бану! Өскен тырнақты алу – адам табиғатына қажетті әрекет. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) өзінің асыл сөзінде айтқан адам табиғатына қажетті бес тазалықтың бірі – тырнақ алу[1]. Себебі, өскен тырнақтың астына кір толып, тамақ жегенде түрлі микробтардың ішке кетуіне әкеп соғады. Бірақ, бұл тырнақты таза ұстаса, өсіре беруге болады деген сөз емес. Себебі, тазалап тұрғанымен, тырнақты өсіру Пайғамбарымыздың сүннетіне теріс. Сондықтан да, ол дұрыс емес, мұны макияжға жатқыза алмаймыз.


[1] Сахих Муслим, Китабут Тахарат, 49 (257)-хадис.

Абдусамат Қасым