Екі адамның арасын жарастыру үшін жалған хадис айтса бола ма?
Екі адамның арасын жарастыру үшін жалған хадис айтса бола ма?
11 жыл бұрын 7173

Ассалаумағалайкум! Шариғатта екі даулы кісінің арасын жарастыру мақсатында айтылған өтірік, өтірікке жатпайды дейді. Енді сол даулы кісілердің арасын жарастыру үшін "хадисте былай дейді"деп өтірік айтуға болады ма? Әлде оның үкімі басқа ма? Өйткені кімде кім пайғамбар(с.ғ.с) атынан өтірік айтса өзіне тозақтан орын дайындай берсін дейді. Қалай болмақ керек? Бока Мейірбек

Уағалейкумсалам! Бока Мейірбек қандай жағдай болмасын, біліп тұрып Құранның немесе Пайғамбарымыздың айтпаған нәрсесін айтты деу ауыр күнә.  Сахаба Абдулла ибн Аббастың риуаяты бойынша ардақты Пайғамбарымыз былай деген: «Мен айтпаған нәрсені айтты деуден сақтаныңдар. Бірақ нақты (хадис екенін) біліп тұрсаңдар ол басқа. Кімде-кім әдейі мен айтпаған нәрсені айтты десе, дозақтағы орнына дайындала берсін. Сондай-ақ, кімде-кім білмесе де Құран атынан өтірік айтса, ол да дозақтағы орнына дайындала берсін»[1], - деп қатан ескерту жасаған. 

Сондықтан, екі адамның арасын жарастыру мақсатында да жалған хадис айтуға жол жоқ.

[1] Ахмед ибн Ханбәл – Мүснәду бәни Хашим: Абдуллу ибн Аббас - №2967 хадис.; Әбу Дәуід-3651; 

Абдусамат Қасым