Қырық күн нифастан соң қан көрінсе, оны хайыз дейміз бе?
Қырық күн нифастан соң қан көрінсе, оны хайыз дейміз бе?
2 ай бұрын 1164

Сәлеметсіз бе! Босанғаныма 2 жарым ай болды, 40-нан тазарып намазға тұрдым, осы 2-3күн болды конырлау выделения келіп жүр. Намаз оқи беремін бе?

Сәлеметсіз бе! Ереже бойынша қырық күн келген «нифас» қанынан кейін арадан 15 тәулік тазалық күндері өтсе, одан кейін көрінген қан хайыз қаны саналады. Яғни, Нифас пен хайыз арасы ең азы он бес тазалық күн болуы тиіс. Бұл - нифас қаны қырық күн келгенге қатысты. Ал кейде нифас қаны қырық күннен аз күн келіп, тоқтап қалатын кездер болады. Ол жағдайда қырық күн ішінде көрінген қандар нифас қаны болып есептеледі.

Сіздің сауалыңыздан түсінгеніміз бойынша, босанғаннан екі жарым ай өткен, яғни, 75 күн өткен екен. Оның 40 күнін – нифас келген күн десек (өйткен сауалдан нифастың қырық күн келгенін түсініп отырмыз), арадан 35 бес күн өтіп барып, сізде қоңыр түсті выделение келіп жүр және оның келуі екі-үш күнге созылған екен. Осыған қарап, сіздің соңғы көрген қоңыр түсті бөлінулерді «хайыз» деп атауға негіз бар, сол себепті тазарғанша намаз оқымайсыз. (Хайыз келердің басында көрінген бөлінулер қоңыр түсті болса, Имам Ағзам бойынша ол хайыз саналады). 

Абдусамат Қасым