Ассалаумалейкум! Егерде күніне еркек бір неше рет хақысын сұраса әйелі бас тартса, ол қалай болады?
«Күйеуі шақырғанда бас тартуға болатын кездер бар ма?»
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Исламда күйеуі төсекке шақырған кезде әйелінің үзірсіз бас тартуы күнә болады. Бас тартуға үзір болар себептерді былай сайып өтсе болады:
- Хайыз-нифас кезі.
- Ауырып тұрған болса.
- Қаза оразаны немесе Рамазан оразасын өтеп жатқан болса.
- Үйде қонақ болып, күндіз қатынасқа түсуі ыңғайсыздық тудырса.
- Оңашалануға мүмкіндік болмай, балалар кіріп-шығып жүрсе.
- Күніне бірнеше рет қатынасқа түсу әйелге ауырлық тудырса, мұндайда күйеуіне білдіріп, күйеуі түсіністік танытқаны жөн.
- Т.б. осы сияқты күйеуінің талабын қанағаттандыруға кедергі келтірер маңызды себептердің салдарынан бас тартып жатса, күнә жазылмайды деген үміт бар.
Ал ешқандай себепсіз бас тартуы күнә болады. Бұған байланысты хадисте былай делінген:
«Күйеуі әйелін төсегіне шақырған кезде, әйелі бас тартып, күйеуі оған ашуланған күйі түнесе, ол әйелге таң атқанға дейін періштелер лағынет айтатын болады»1.
1 Имам Мүслім: «Сахих Мүслім», 1436.; Имам Бұхари: «Сахих Бұхари», 3237 хадис.
Көп оқылғандар
■
Арақ-шарап сататын «алкомаркеттен» зат сатып алуға бола ма?
■
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тек тақуа адамның ғана түсіне кіре ме? Діндар емес мұсылманның түсіне кіруі мүмкін бе?
■
Бақилық болған әкемнің атынан «умра қажылығын» жасай аламын ба?
■
Жайраның (дикобраз) еті адал ма?
■
Әлсіз хадисті таратса бола ма?