Сәлеметсіздер ме? Пейіште неге тек ер кісілерге ғана хор қыздары беріледі. Әйелдерге «хор жігіттер» берілмейді ме? Нұреке.
Жұмақта әйелдерге "хор жігіттері" бола ма?
|
Әйел кісі пейішке кірсе, өз ерімен болады. Ал, тұрмысқа шықпаған бойдақ әйелдер өзі сияқты бойдақ боп өткен еркекке үйленеді дейді мамандар. Өйткені Пайғамбарымыздың хадисінде «Пейіште бойдақ болмайды»[1] делінген.
Ал, хор жігіттер әйелдерге берілмейді. Өйткені, әйел адам пейіште өз ерінен өзгеге құштар болмайды. Бұған дәлел Құранның мына аяты: «Жәннәтта бөгде еркектерге көз салмайтын... (жұбайлар) бар»[2]. Осы аятқа сахаба Абдулла ибн Аббас: «Өздерінің күйеулерінен өзгелерге қарамайды. Олар үшін жәннәтта жолдастарынан асқан әдемі жан болмайды», – деп түсіндірме берген[3].